«Ардос-Жүрек» мүгедектер бірлестігінің бастамасымен «Инклюзивті білім – болашаққа бастар жол» жобасының тұсауы кесілді.
Қалалық демалыс орындарының бірінде орналасқан оқу-дамыту лагерінде бүгінде 50-ге жуық жүріп-тұруы қиын балалар түрлі пайдалы істермен шұғылданады. Қазақстанның Бірінші Президенті қорының қолдауына ие болған жобаны жүзеге асырушылардың бірі – «Ардос-Жүрек» мүгедектер ұйымының жетекшісі Ақжан Кәрімнің айтуынша, бағдарламаны қаржыландыруға 2 миллион теңге грант жұмсалып, оның аясында интерактивті семинарлар, тренингтер, музыкалық, арт жаттығулар, ойын терапиялары жұмыс істейді. Ақжан өзінің туабітті мүгедектігіне қарамастан қимылы ширақ.
– Аяқ-қолы бүтін, денсаулығы жақсы қатарластарына қарағанда, мүмкіндігі шектеулі балалар өздерін кем сезініп, жасқаншақтап тұратыны жасырын емес. Осындай әлеуметтік теңсіздіктерге жол бермес үшін инклюзивті білім берудің артықшылықтарын пайдалану, ең бастысы, кішкентай тұлғаның жан-жағына қызығушылық, қоршаған ортаға бейімделу сияқты қабілет-қарымдарын ашып, қалыптастыру – басты мақсатымыз, – дейді психолог маман Ғалия Баязитова.
Осында екі ұлын ертіп әкелген ата-аналардың бірі Татьяна Пипус қоғамдық ұйымға деген ризашылығын жасырмайды.
Қызылжар өңірінде қолға алынған қанатқақты бағдарламаны ұйымдастырушылар келешекте мектеп бағдарламасы шеңберінде үйде білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларды онлайн оқыту жүйесімен қамтуды көздеп отыр. Мұндай санаттағы балдырғандардың саны 150-ге жуық.
Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25