4 қыркүйек күнi Астанада дәстүрлі марафон өтеді. Ол таңғы сағат 8.00-де басталып, сағат 14.00-де аяқталады. Осы кезде қаланың бірқатар көшелері 6 сағатқа жабылады.
Астана марафонының негiзiн қалаушы және директоры Гауһар Брамлей-Фентонның айтуынша, марафон Есiл, Сарыарқа мен Алматы аудандарында 4 категория бойынша өтедi. Онда 42,2 км, жартылай марафон 21,1 км, 10 км-ге жүгiру және эстафеталық жүгiру болады. Ал Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық спорт бөлiмiнiң басшысы Әлия Жақсылық марафон кезінде Орынбор, Сейфуллин, Абылай хан көшелерiнің, Республика және Тұран даңғылдарының жабылатынын айтты.
Директордың айтуынша, жүгіру жарысы 2009 жылдан берi өткiзiлiп келеді. Оған тілек білдірген барлық адам жарна төлеп қатыса алады.
«Марафонға қатысу үшiн жарна төлеп, тіркелу керек. Оның екі тәсiлi бар: бiрiншiсi - astana42k.com сайтындағы үш тiлдi онлайн режімі. Төлем картасы арқылы төлеуге болады. Екiншi тәсiлi кез келген адам Кроссфит Астана клубтарының бiрiне барып, офлайн режімінде жарнаны қолма-қол ақшамен төлеп, тiркеле алады. Тіркелу тамыз айының соңына дейiн болады», - дедi ол.
Ұйымдастырушының айтуынша, Астана-марафонына барлығы 4-5 мың адам қатысады деп жоспарланып отыр. Қазiр оған 600 адам тiркелген. Олардың арасында 12-13 елдiң өкiлi бар.
Дастан КЕНЖАЛИН
Фото: bi-marathon.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше