16 Тамыз, 2016

Рио-2016: Бүгін Жайна, Әділбек және Иван рингке шығады

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

16-07-16-box-1

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың боксшылар бәсекесіне қазақстандық Жайна Шекербекова бірінші рет қосылады. Ол франциялық Сара Оурахмонмен ширек финалда шайқасады. Сол сияқты аса ауыр салмақтағы Иван Дычко да нигериялық Эфе Ажагбамен ширек финалдық жекпе-жек өткізеді. Ал 81 кг салмақтағы Әділбек Ниязымбетов британиялық Джошуа Буатсимен жартылай финалда кездеседі. Осы күні таң алдында 60 кг салмақтағы Олимпиада чемпионы анықталады. Бұған дейінгі екі күнде өзбек Хасанбой Дусматов (49 кг) пен ресейлік Евгений Тищенконың алтын медальдың иегерлері атанғандары белгілі. 16 тамыз. Күндізгі сессия Әйелдер. 51 кг. 1/4 финал. 20:00. Никола Адамс (Ұлыбритания) – Татьяна Коб (Украина); 20:15. Мэнди Бужолд (Канада) – Канкан Рен (Қытай). Ерлер. 56 кг. 1/4 финал. 20:30. Джон Майкл Конлан (Ирландия) – Владимир Никитин (Ресей); 20:45. Цендбаатар Ерденебат (Моңғолия) – Шакур Стевенсон (АҚШ); 64 кг. 1/4 финал. 21:00. Виталий Дунайцев (Ресей) – Хунскун Ху (Қытай); 21:15. Фазлиддин Гаибназаров (Өзбекстан) – Гари Рассель (АҚШ). 81 кг. 1/2 финал. 21:30. Хулио Сезар Ла Круз (Куба) – Матреу Альберт Баудерликуе (Франция). +91 кг. 1/4 финал. 21:45. Джеймс Тони Виктор Йоко (Франция) – Хуссейн Яшайс (Иордания); 22:00. Лейниер Эунике Перо (Куба) – Филип Хргович (Хорватия). 17 тамыз. Кешкі сессия Әйелдер. 51 кг. 1/4 финал. 02:00. Пеамплай Лаопеам (Таиланд) – Ингрит Лорена Валенсия Виктория (Колумбия); 02:15. Сара Оурахмон (Франция) – Жайна Шекербекова (Қазақстан). Ерлер. 56 кг. 1/4 финал. 02:30. Жиавей Жанг (Қытай) – Робейси Рамирес (Куба); 02:45. Езекуел Альберто Мелиан (Алжир) – Муроджон Ахмадалиев (Өзбекстан). 64 кг. 1/4 финал. 03:00. Артем Арутюнян (Германия) – Батухан Гозгек (Түркия); 03:15. Лоренцо Коллазо Сотомайер (Әзербайжан) – Ясниер Толедо (Куба). 81 кг. 1/2 финал. 03:30. Джошуа Буатси (Ұлыбритания) – Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан). +91 кг. 1/4 финал. 03:45. Джой Джойс (Ұлыбритания) – Баходир Жалолов (Өзбекстан); 04:00. Эфе Ажагба (Нигерия) – Иван Дычко (Қазақстан). 60 кг. Финал. 04.15. Робсон Консейсао (Бразилия) – Софиян Оумиха (Франция). Дамир ҚОЖАМҚҰЛ