Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне мемлекет және қоғам қайраткері Тоқтағали Жангелдиннің отбасында сақталған қосымша құжаттар қабылданып алынды. Ерлен Тоқтағалиұлы әкесінің өздерінде сақталған құжаттарын бауырларының рұқсатымен өткізуге шешім қабылдаған. Қарашаның 25-інде Тоқтағали Жангелдиннің 100 жылдық мерейтойы аталып өтпекші. Мерейлі сәтті атап өту жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві жыл басынан бері белсенді жүргізіп келеді. Жеке қор иесінің өмірбаяндық деректеріне сүйене отырып, оның қызмет еткен жерлеріндегі құжаттарын іздеп тауып, жеке қор құрамына қосу үшін Шымкент өңірлік мемлекеттік архивінен Т.Жангелдиннің өз қолымен толтырған жеке іс парағы, оған берілген қызметтік мінездеме, түрлі жиындар мен мәжілістерде сөйлеген сөздері мәтіндерінің көшірмесі алынды.
Жеке қордың құжаттарын өткізу-қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Б.Жапаровтың, аталмыш мекеме ұжымының қатысуымен салтанатты жағдайда өткізілді.
Кездесу барысында Архив директоры Б.Жапаров қор иесінің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне тоқталып, жеке қордың құрамындағы құжаттардың мазмұны жөнінде қысқаша әңгімелеп берді. Содан соң, сөз кезегін алған Ерлен Тоқтағалиұлы ата-анасы, бауырлары жайында әңгіме қозғап, тапсырылып отырған құжаттарға қысқаша шолу жасады.
Құжаттардың ішінде өмірі мен қызметіне қатысты ақпараттар, куәліктер, хат алмасулар, Белоруссияның мемлекеттік архивтерінен алынған қазақстандық партизандар туралы архивтік анықтамалар, С.Сейфуллин туралы жазылған еңбегіне пайдаланған құжаттары, сонымен қатар, диссертациялық жұмыстары, ғылыми мақалалары, партизан қозғалысы туралы жазған кітабының баспаханалық гранкасы және т. б. деректер, фотосуреттер бар.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше