Қазіргі кезде Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарына жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жарыс келесі жылы елімізде ғана емес, ТМД кеңістігінде алғаш рет өткізіледі.
Спорттың 12 түрінен 2000-нан астам спортшы қатысады. Универсиада дирекциясының басшысы Наиль Нуровтың айтуынша, жарысқа қатысу үшін ресми түрде 58 ел тіркелді.
– 2011 жылы Түркияның Эрзурум қаласында өткен сынға осыншама елдің спортшылары қатысқан болатын. Сондықтан келесі жылы Алматыда жалауын көтеретін жарысқа 58 мемлекеттің өкілдері келсе, біздің қаламыз Универсиада тарихында ең көп елдер қатысқан мемлекеттердің бірі болады, – дейді ол.
Универсиадада жарыстар 8 спорт сарайында өтеді. Сонымен бірге, Универсиадаға 127 халықаралық төреші мен 600-ге жуық ұлттық теникалық маман қатысатынын, ал жарыс кезінде Ойындарды басқару орталығы жұмыс істейтінін айтты.
Алматы қаласының ІІД-мен бірігіп, Универсиада көлігінің негізгі және баламалы қозғалысы бекітілді. Барлық автокөліктер GPS навигаторымен қамтылады. Автокөлік қозғалысын қадағалайтын арнайы диспетчерлік орталық жұмыс істейді.
Медициналық көмек көрсету үшін Алматының 8 стационары мен 30 жедел көмек көрсету бригадасы қызмет етеді. Атлеттер қалашығында медициналық орталық болады. Сондай-ақ, онда допингтік-бақылау стансалары ұйымдастырылады.
Қыркүйек айында ЖОО-ның студенттері арасынан еріктілерді іріктеу жоспарланған. Іріктеу аяқталған соң, қазан айынан 2017 жылдың қаңтарына дейін, еріктілерге арналған оқыту семинарлары мен тренингтері өтеді.
Қазір еріктілерге байланысты жұмыс қызу жүріп жатыр. Мысалы, жоғары оқу орындары, ішкі істер және төтенше жағдай департаменті мен медицина қызметкерлеріне тегін ағылшын тілінің курсы ұйымдастырылған. Бүгінде 600 адам оқытылды. Универсиада басталғанша 2 мың қызметкерге ағылшын тілін үйрету жоспарланған.
Қысқы Универсиаданың эстафетасы 25 қаңтарда басталып, Астана қаласындағы Назарбаев Университетте алауы жағылады. Алау эстафетасы еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі. Содан кейін ол Алматыға жеткізіледі. Жоспарға сәйкес, 16 алау бір жерде тоғысып, үлкен бір алауға айналады.
Универсиада дирекциясының басшысының айтуынша, жарыстар 80 елге тарайды. Оларды күн сайын 1 млрд. адам тамашалай алады.
Жарысқа арналған барлық спорт ордаларының есігі халыққа айқара ашық болады. Қазір қала қонақтары мен тұрғындары үшін Универсиада спорт алаңдарының қолжетімділігі туралы бағдарлама жасалған.
– Универсиада – ел тарихының 25 жылындағы ең ірі мультиспорттық жарыс. Ойындардың арқасында, Алматы қаласы жаңа нысандармен толығып жатыр. Көп салалы мұз кешендері, олимпиадалық қысқы спорт түрлерін дамытатын, танытатын алаңға айналады,– дейді Наиль Нуров.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше