17 Тамыз, 2016

Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-08-16-Pagoda Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қазақстанның кей жерлерінде жел күшейсе, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болады. Ал солтүстік аймақтың кей жерлерінде тұман түседі. Атырау, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысында екпінді жел тұрып, түнде және таңертен тұман күтіледі. Күндіз Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағаңды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Талғат РАЙЫМБЕК