17 Тамыз, 2016

Станимир Стоилов: «Астана өз алаңында жеңуі тиіс»

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17.08.2016 AST-4 Ертең футболдан «Астана» командасы Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде Беларусьтің БАТЭ клубымен кездеседі. Осыған байланысты бүгін елордалық жасақтың бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов алдағы ойын туралы ойларымен бөлісті. – Бұл матч өта тартымты өтеді. Екі жаққа да қиын болады.  БАТЭ – оңайлықпен берісе салатын команда емес. Оның Еурокубоктарда тәжірибесі бер. Біз де қарап жатпаймыз. Өз алаңымызда барымызды саламыз, – деді ол. Команданың бас жаттықтырушысының айтуынша, «Астана» осының алдында Шотландияның «Селтик» клубымен ойында жақсы өнер көрсетті. Егер команда дәл осылай сияқты Борисовтың ұжымын жеңеді. –Бұл матчта «Астана» құрамында бірнеше ойыншылар ойнамайды. «Селтикпен» кездесуде алаңнаң қуылған Дмитрий Шомко мен Игорь Шитовтан басқа, Константин Энгель де алаңға шықпайды. Командада төрт-ақ қорғаушы қалды. Солармен бірнәрсе ойластырармын, – деді ол одан әрі. Станимир Стоилов сөзінің соңында  БАТЭ клубының қорғаныста сауатты, шабуылда ширақ ойнайтынын, командада жас болса да бас бола алатын, Еурокубоктарда талай алаңның шаңын қаққан, клубтың жейдесін тоздырып, бар күш-жігерін салып жүрген тәжірибелі ойыншылардың бар екенін айтты. «Сондықтан бізге БАТЭ-ні Астанада жеңі керек. Өйткені, Борисовта ойын қиын болады», деді. Дастан КЕНЖАЛИН Фото: vk.com/astanafootballclub