17 Тамыз, 2016

AIBA Риода дауға қалған бірнеше төрешіні шығарып тастады

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-08-16-rasulov

Халықаралық бокс ассоциациясы Рио-де-Жанейродағы олимпиялық турнирде жұмыс істеп жатқан бірнеше төрешіні жекпе-жектерге берген бағалары әртүрлі болып шыққандықтан жанжал туғызғаны үшін алып тастады. Бұл туралы AIBA-ның баспасөз қызметі хабарлады. Олимпиялық турнирде боксшылар мен бірқатар делегациялар мүшелері АИБА-ны жемқорлыққа былыққан деп айыптаса, жекпе-жектер төрешілерін кәсіби деңгейлері төмендігі үшін сынға алды. «Боксшылар тарапынан төрешілер жұмыстарына қойылатын шағымдардың, олардың жемқорлыққа былыққандары туралы сөздердің көбейіп кетуіне байланысты AIBA төрешілер комиссиясының шұғыл отырысын өткізді. Оның шешіміне сәйкес, бірнеше төреші олимпиялық турнирде жұмыс жасаудан босатылды. Сонымен қатар жекпе-жектер нәтижелері өзгертілмейді», - деп хабарлады баспасөз қызметі. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ