18 Тамыз, 2016

Қазақстан Олимпиададағы жүлде санын көбейтеді

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
0a3123d194173b07e935c65117421d50dd80af67 Биылғы Олимпиадада Қазақстан алғаш рет жүлде санын көбейтеді. Бұған дейін еліміздің жүлделері Атланта, Сидней, Афина, Бейжің және Лондон қалаларында өткен Жазғы Олимпиялық ойындарда 13 медальдан аспаса, биылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жүлде саны бұдан да көп болады. Қазір Қазақстан спортшыларының иелегінде 12 медаль бар. Тағы 3 жүлдені бокстан Иван Дычко, Дариға Шәкімова мен Әділбек Ниязымбетов алады. Алғашқы екеуі жартылай финалға шықса, Әділбек Олимпиада чемпионы атағы үшін күш сынасады. Бұдан басқа спорт түрлерінде жүлде болып қалуы мүмкін. Қазақстан спортшылары 1996 жылы Атлантада 11 медаль (3 алтын, 4 күміс және 4 қола), 200 жылы Сиднейде 7 (3 алтын, 4 күміс), 2004 жылы Афинада 8 (1 алтын, 4 күміс, 3 қола), 2008 жылы Бейжіңде 13 (2 алтын, 4 күміс, 7 қола), 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадада 13 медаль (7 алтын, 1 күміс, 5 қола) жеңіп алған болатын. Дастан КЕНЖАЛИН Фото: olympic.kz