18 Тамыз, 2016

Қолөнер шеберлеріне қандай талап қойылады?

1256 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
100-851Қазақстанның қолөнер шеберлері ЭКСПО-2017 көрмесіне қазірден бастап да­йын­­далуы қажет. Себебі, іріктеу кезінде тауар­­­дың тиражына ғана емес, сапасына да, оны ұсы­ну­дың креативті, яғни ерекше тәсіл­дері­­не де баса назар аударылады. Осы орайда ма­ман­­­­дар қолөнер кәсібіне бизнес көзі ретін­де қа­­рауға кеңес беріп отыр. Әзірше көр­ме­­д­е ұсы­нылатын ұлттық қолөнер бұйым­­дарын ірік­­теу­дің нақты талаптары жоқ. Алайда, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының өзіндік көз­қа­ра­сы, бел­­гілі бір ұсыныстары бар. Бәлкім, соның бар­лы­ғын «EXPO&WOMEN» Халықаралық ұйымы іске асыратын болар. Бүгінгі жоспарға сәйкес, ЭКСПО көрмесі кезінде этно­ауыл ашы­лады. Сол жерде қазақтың ұлт­тық қолөнер бұйымдарын сату жос­парланған. Алайда, оған көп адам сыймайтын сияқты. Сон­дық­тан, этноауылда сауда орындары аз болады. Шамамен, 30-35 орын. Дегенмен, ол жердегі тауарлар­дың саны да, сапасы да жоғары болуы шарт. Сондай-ақ, қолөнер бұйым­дарын таныстырудың өзіндік бір тәсі­лі болғаны жөн. «Этноауыл­да кәдімгідей қазақы ортаны жасау қажет. Тамағы да, тауары да ұлттық нақышта болса екен дейміз. Сосын қолөнер бұйымдарын жай базардағы сияқты қоя салмай, сол бұйымдардың қалай жасалатынын көрсету керек. Мысалы, кілем сатылса, оны біреу тоқып оты­рады. Жіп иіреді, қыштан ыдыс жасайды, ою салады, кес­те тігеді. Ең бастысы, қазақтың ты­ныс-тіршілігін, тарихы мен мәдениетін жан-жақты көрсету керек. Бәлкім, біз ол жерде ротация жүйесін қолданамыз. Он­дай­да бір ай бір шебер отырса, екінші айда екінші бір шебер келіп, өз тауарын сата алады. Осы­­лайша, қолөнер шеберлерін көп­­теп қамтуға болады», – дейді «Астана ЭКСПО-2017» ұлт­тық компаниясы коммерциали­зация­лау департаменті директорының орынбасыры Ілияс Оразақов. Осы орайда компания өкілі ЭКСПО логотипімен сатылатын кеңсе зат­тары, гаджет қосым­ша­лары, кәде­­сыйлар және тағы басқа ұсақ-түйек­терді қолөнер бұйым­дары­­мен шатастырмау қажет деп отыр. Себебі, жарнамалық тауарға салық салынса, қолөнер бұйым­дарына салық салынбайтын шы­ғар. Шеберлер тек этноауыл ай­ма­ғында жалға алған орынның төлем­­ақысын ғана төлеуі мүмкін. Бүгінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы қолөнер шеберлерін іріктеуді «EXPO&WOMEN» Халықаралық ұйымына ұсынып отыр. Аталған ұйымның басшылығы ол ұсы­ныс­ты қабылдап, этноауылдың талаптарын әзірлеуге келісті. Алайда екі жақ әлі нақты бір құжатқа қол қойған жоқ. Негізі, колөнер бұйымдарын сату орындары тек көрме алаңын­да ғана емес, барлық қала аума­ғында да ашылады. Сондық­тан, Астана қаласының әкімдігі қоғам­дық ұйымдармен бірлесе оты­рып, осы саладағы отандық ше­бер­­­лердің әлеуетін зерделеп шы­­ғу­ға мүдделі. Оған да «EXPO&WOMEN» Халықаралық ұйы­­мы тартылып отыр. «Көктем­де біз үлкен жәрмеңке өткізген едік. Ал қыркүйектің 9-10-ы күндері тура сондай үлкен жәрмеңке ұйым­дас­­ты­рылады. Оған республи­ка­ның түкпір-түкпірінен қолөнер ше­бер­лері қатысып, өз тауарларын көр­сете алады. Міне, осы іспетті ша­ралардың арқасында біз өз мүм­кін­діктерімізді байқап көрмек­піз», – дейді ұйым басшысы С.Рақымбекова. Оның сөзіне қарағанда, ЭКСПО-ның этноауылына іріктеу талаптарын әзірлеу үшін бірнеше басқосуларды өткізіп, осы мәселені кеңінен талқылап алу қажет. Себебі тауардың өзіндік ерекшелігінен бөлек, тиражы да аз болмауы тиіс. Қазіргі кезде республика бойынша 100-ге тарта қолөнер шебері көрмеге қатысуға ниетті. Арман АСҚАРОВ қолөнер шеберлері