Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

Референдум қорытындысы: 7,8 млн адам дауыс берді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20:00-де аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум қорытындысы: 7,8 млн адам дауыс берді

Фото: Алмас Қайсар

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазанда сағат 20:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87%-ы бюллетень алды.

Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:

1. Абай облысы бойынша – 69,57 %

2. Ақмола облысы бойынша – 71,63 %

3. Ақтөбе облысы бойынша – 75,11 %

4. Алматы облысы бойынша – 68,71 %

5. Атырау облысы бойынша – 63,28%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,03%

7. Жамбыл облысы бойынша – 61,28%

8. Жетісу облысы бойынша – 68,01 %

9. Қарағанды облысы бойынша – 72,12 %

10. Қостанай облысы бойынша – 73,45 %

11. Қызылорда облысы бойынша – 82,48 %

12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,03 %

13. Павлодар облысы бойынша – 65,09 %

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 66,31 %

15. Түркістан облысы бойынша – 75,31%

16. Ұлытау облысы бойынша – 70,69 %

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 73,79 %

18. Астана қаласы бойынша – 50,81 %

19. Алматы қаласы бойынша – 25,39 %

20. Шымкент қаласы бойынша – 70,57%

Та

Айта кетейік, учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Учаскеде дауыстарды санау уақыты оларды санау басталғаннан кейінгі он екі сағаттан аспауға тиіс.