Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қоғамдық кеңесі саланы дамытудың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.
Кеше Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде министр Дәурен Абаевтың төрағалығымен Ақпарат, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету салаларын дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, дауыс беру нәтижесінде Кеңестің төрағалығына Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, хатшы болып Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары Архат Сәдуақасов сайланды.
Сонымен қатар, отырыста Қоғамдық кеңес туралы ереже, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, министрліктің стратегиялық жоспары мен 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары, нормативтік-құқықтық актілердің жобалары талқыланып, мақұлданды.
Кездесудің соңында келесі отырыстың күн тәртібі бекітіліп, бұдан кейінгі кеңестерді БАҚ-тың қатысуымен «Қазмедиа орталығы» базасында өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше