Еліміздің шекарашылары өткен тәулік ішінде ғана жалпы салмағы жарты килограмдай болатын есірткі заттарын жасырын өткізуге әрекеттенгендерді ұстады.
Нақтырақ айтқанда, Қазақстан-Қырғызстан шекарасының бойында орналасқан «Қордай-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары қызметтік иттің көмегімен Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматын ұстады.
Ол азамат «ВАЗ-2115» автокөлігімен Қазақстаннан Қырғызстанға бара жатыр екен. Ал салмағы 15 грамм тартқан қарасора тұқымы автокөліктің жүксалғышындағы қолсөмкесінен табылды.
Дәл осы күні Қарасай шекара отрядына қарасты «Саты» заставасының шекарашылары да Райымбек аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, 39 жастағы тағы бір азаматты ұстады. Ол салмағы 500 грамм болатын «гашишті» дайындап жатқан жерінен қолға түскен екен. Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше