16 Ақпан, 2011

Тағы бір үміткер сынақтан сүрінді

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше президенттікке кандидат ретінде өзін-өзі ұсынған Астана қаласының тұрғыны, уақытша жұмыссыз Қанат Есжанов президенттіктен үміткерлердің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын Лингвистикалық комиссияға сынақ тапсырды. – Президенттік сайлауға қа­­тысу туралы шешім қабылдаудың оңай емес екендігі белгілі, – деген еді ол сынақ алдында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. – Мені болашақ ұрпақтың тағдыры қатты алаңдатады. Сондықтан да елімізде болып жатқан саяси үде­рістерді сырттай бақылағаннан гөрі, оның тікелей қатысушысы бол­ғанды жөн көрдім. Кандидат Әділет министр­лі­гі­нің бір акционерлік қоғамында маман, кейіннен директордың орынбасары қызметін атқарған екен. Қазір уақытша жұмыс істемейді. Ал Лингвистикалық комис­сия отырысындағы сынақта ол «Тәуелсіздік белестері» тақы­рыбын таңдаған болатын. Сынақ нәтижесін жариялаған Лингвистикалық комиссияның төр­ағасы Мырзатай Жол­дас­бе­ковтің журналистерге хабар­ла­ға­нындай, үміткер «Тәуелсіздік белестері» тақырыбына жазған шығармасында барлығы 32 қате жіберген. Сондай-ақ ол Абайдың қара сөздерін ежіктеп, өте қи­налып оқыған. Бұған қанағат­тан­баған Комиссия мүшелері оған қосымша сұрақтар да қойған екен. Кандидат бұған да көңілден шығатындай жауаптар қайтара алмаған. Ал соңғы сынақ – 15 минөт еркін сөйлеудің орнына кандидат небәрі 6 минөт қана сөйлеген. Лингвистикалық комис­сия­ның мүшелері президенттікке кандидат Қанат Есжанов мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген қорытынды шығарған. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.