18 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-03/369

438 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
2015 жылғы 24 сәуір,  Астана қаласы Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Респуб­ли­касының 2004 жылғы 9 шілдедегі Занының 9-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдері бекітілсін; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдері бекітілсін. 2. «Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 273-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8763 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 2 қарашадағы № 245 (28184) жарияланған) күшін жойды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш ол ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 18-03/369 бұйрығына 1-қосымша Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімі № Сулы-батпақты жерлердің атауы Орналасуы Көлемі, гектар 1 Теңіз-Қорғалжын көлдері жүйесі Ақмола облысы 353 341 2 Алакөл-Сасықкөл көлдері жүйесі Алматы облысы 914 663 3 Іле өзенінің атырауы және Балқаш көлінің оңтүстік бөлігі Алматы облысы 976 630 4 Торғай және Ырғыз өзендерінің төменгі сағаларындағы көлдер Ақтөбе облысы 348 000 5 Каспий теңізінің жағалауына іргелес Жайық өзенінің атырауы Атырау облысы 111 500 6 Жарсор-Ұрқаш көлдері жүйесі Қостанай облысы 41 250 7 Қойбағар-Тымтәуір көлдері жүйесі Қостанай облысы 58 000 8 Қулыкөл-Талдыкөл көлдері жүйесі Қостанай облысы 8 300 9 Наурызым көлдері жүйесі Қостанай облысы 139 714 10 Кіші Арал теңізі және Сырдария өзенінің атырауы Қызылорда облысы 330 000 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 18-03/369 бұйрығына 2-қосымша Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімі № Сулы-батпақты жерлердің атауы Орналасуы Көлемі, гектар 1 Жаркөл көлдер тобы Ақмола, Қостанай облыстары 8 818 2 Жұмай-Майшұқыр көлдер тобы Ақмола облысы 12 490 3 Құмдыкөл-Жарлыкөл көлдер тобы Ақмола облысы 20 350 4. Тұзащы және Қарасор көлдері Ақмола облысы 8 582 5 Ұялышалқар көлдер тобы Ақмола облысы 20 360 6 Қаратал өзенінің төменгі сағасы Алматы облысы 102 195 7 Сорбұлақ көлі Алматы облысы 18 540 8 Топар көлдер жүйесі Алматы облысы 32 530 9 Еділ атырауының қазақстандық бөлігі. Жамбай Атырау облысы 289 075 10 Ембі өзенінің төменгі сағасы Атырау облысы 208 990 11 Зайсан көлінің көршілес акваторийімен Қара Ертіс өзенінің атырауы Шығыс Қазақстан облысы 104 200 12 Марқакөл көлі Шығыс Қазақстан облысы 75 048 13 Ақжар алабы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары 25 714 14 Көшім көлдері Батыс Қазақстан облысы 175 315 15 Шалқар көлі Батыс Қазақстан облысы 27 530 16 Балықтыкөл көлі Қарағанды облысы 10 430 17 Қарасор көлі Қарағанды облысы 37 286 18 Сасыққөл көлі Қарағанды облысы 3 200 19 Қамыс-Жаманкөл көлдері тобы Қостанай облысы 3 940 20 Ақжан көлі Қостанай облысы 3 026 21 Батпақкөл көлі Қостанай облысы 2 690 22 Бозшакөл көлі Қостанай облысы 3 520 23 Құсмұрын көлі Қостанай облысы 92 510 24 Орыс Жаркөлі көлі Қостанай облысы 12 774 25 Сұлукөл көлі Қостанай облысы 3 091 26 Мамыркөл көлі Қостанай облысы 1 875 27 Санкебай көлдері Қостанай облысы 4 675 28 Сарықопа көлдер жүйесі Қостанай облысы 51 200 29 Шошқалы көлдер жүйесі Қостанай облысы 13 580 30 Қаракөл көлі Маңғыстау облысы 5 270 31 Қорғанкөл көлі Павлодар облысы 1 097 32 Ақсуат көлі Солтүстік Қазақстан облысы 4 589 33 Балықты көлі Солтүстік Қазақстан облысы 4 138 34 Үлкен Қақ көлі Солтүстік Қазақстан облысы 11 500 35 Жалтыр көлі Солтүстік Қазақстан облысы 2 594 36 Жыланды көлі Солтүстік Қазақстан облысы 3 410 37 Кіші Қақ көлі Солтүстік Қазақстан облысы 9 721 38 Тереңкөл көлі Солтүстік Қазақстан облысы 835 39 Сорбалық-Майбалық көлдер тобы Солтүстік Қазақстан облысы 3400 40 Шағлытеңіз көлі Солтүстік Қазақстан облысы 34 750 41 Шу өзенінің төменгі сағасы Оңтүстік Қазақстан облысы 147 950 42 Қызылкөл көлі Оңтүстік Қазақстан облысы 4 160 43 Шардара су қоймасы Оңтүстік Қазақстан облысы 113 000 44 Шошқалы көлдері Оңтүстік Қазақстан облысы 53 460 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11266 болып енгізілді.