Бүгін еліміздегі ең ірі екі ақпарат құралы – «Егемен Қазақстан» газеті мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді. Бас басылымның ғимаратында өткен кездесу барысында осы құжатқа «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі және «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова қол қойды.
Бұл меморандум қазақ баспасөзінің қара шаңырағына айналған, 100 жылға жуық тарихы бар газет пен қабырғалы қалың елдің сүйікті телеарнасына бірлескен жобаларды жүзеге асыру, отандық ақпарат кеңістігінде сапалы өнімдер ұсыну және шығармашылық үдерістерде өзара қолдау көрсету тұрғысынан тиімді ынтымақтастыққа жол ашады.
Кездесу барысында Нұржан Жалауқызы атап өткендей, қазіргі заманда отандық ақпарат құралдарына жаңа талаптар мен міндеттер қойылып отыр. Өйткені, баспасөз қалың жұртшылыққа сапалы, бәсекеге қабілетті өнім ұсынуы тиіс. Сондықтан болашақта осы меморандум негізінде көптеген маңызды жобаларды бірлесіп іске асыру жоспарланған.
«Егемен-ақпарат»
• 18 Тамыз, 2016
«Егемен» мен «Қазақстан» бірлескен жобаларды жүзеге асырады

Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 21:56
Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 21:19
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45