18 Тамыз, 2016

Рио-2016: Балуан Мәнүрова жартылай финалға шықты

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-08-16-miuniurova

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың әйелдер күресі жарысында 75 килоға дейінгі салмақта күш сынасушы Гүзел Мәнүрова жартылай финалға шықты. Өзінің бірінші белдесуінде 38 жастағы қазақстандық балуан венгер Жанетт Неметті 12:2 етіп тізе бүктірді. Содан кейін 1/4 финалда Камеруннің 31 жастағы өкілі Аннабель Алимен белдесті. Ол күрестің бірінші кезеңінде 8:0 етіп ұтса, келесі кезеңде 0:6 есебімен есе жіберді. Қорытынды есепте 8:6 етіп жеңіп, келесі кезеңге өтті. Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері жартылай финалда ресейлік Екатерина Букинамен финалға шығу жолында күреседі. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ