18 Тамыз, 2016

Рио-2016: Қазақстандық Ларионова қола медаль үшін күреседі

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-08-16-larionova-1

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың әйелдер күресінде 63 килоға дейінгі салмақтағы қазақстандық балуан Екатерина Ларионова қола медаль үшін күресетін болды. Ларионова бұған өзін 1/8 финалда ұтып кеткен белорус Мария Мамашук финалға шыққаннан кейін қол жеткізді. Осы арқылы жұбаныш турниріне қатысуға мүмкіндік алған ол Астана уақытымен сағат 01:00-де швед Хенна Йохансонмен белдеседі. Осы белдесудің жеңімпазы Олимпиаданың қола медалін сарапқа салады. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ