28 Тамыз, 2016

Түріктің Диярбакырдағы аэропорты зеңбіректен атқыланды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-08-16-diarbakyr

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр қаласының азаматтық аэропортына белгісіз біреулер төрт рет зеңбіректен оқ атты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Алдын-ала мәлімет бойынша, атқылаудан құрбандыққа ұшырағандар болмаған. Атыс кезінде жолаушылар мен аэропорт қызметкерлері қауіпсіз жерлерге жіберілген. Haber Turk-тің хабарлауынша, бір жеке ұшақ осы атыстан зақымданған. Жергілікті биліктің ақпарына қарағанда, шабуылдың мақсаты полицияның бақылау-өткізу бекетін бүліншілікке ұшырату болған. Инцидентке байланысты рейстер тоқтатылған жоқ. Атыстан кейін полиция шабуыл жасаушыларға қарсы оқ атқан. Текетірес 15 минутқа созылған. Зеңбіректен оқ атушылар ретінде Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының мүшелеріне күдік келтіріліп отыр. Мұрат АЙТҚОЖА