28 Тамыз, 2016

Мутко Макларен баяндамасы өтіріктен құралғанын мәлімдеді

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-08-16-doping

Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко Ричард Макларен бастаған WADA комиссиясы баяндамасының заңдық жағынан түкке тұрғысыз екенін мәлімдеді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. «Біз бұл баяндама бойынша өз тұжырымдарымызды жасап, Халықаралық олимпиялық комитетке WADA жөніндегі пікірімізді жеткіземіз. Шығатын қорытында біреу – ол қолдан өтірік жасалған. Оның заңдық жағының ешқандай да күші жоқ», - деді Мутко «Матч ТВ» эфирінде сөйлеген сөзінде. Оның айтуынша, спорт министрлігі осы фактілерге байланысты азаматтық соттарға шағым жасайды, ал баяндама авторлары қылмыстық жауаптарға тартылады. «Біз сондай-ақ сынама ауласы үшін банк жүргізген Швейцария компаниясының басшылығына да шығамыз. Біз оның алынған өнім жөнінде жұрт алдында баға берулерін қалаймыз», - деді бұдан әрі министр. Ал Маклареннің баяндамасында Ресейде оң допинг-сынамаларды жасырып отыратын мемлекеттік жүйе бар екені атап көрсетілген болатын. Осы зерттеудің негізінде WADA Ресей құрамасын толық құрамында Рио-де-Жанейродағы Олимпиялық ойындардан және Параалимпиялық ойындардан аластауды ұсынған. Нәтижесінде ХОК-тің атқару комитеті жеңіл атлеттерді Ойындарға жіберу құқығын халықаралық спорт федерацияларының еншісіне қалдырды. Осыған орай Дарья Клишинадан басқа Ресей жеңіл атлеттері Олимпиадаға жіберілмей қалды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ