Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференцияның кеңестік дәуірде 456 ядролық тажал сынақтардың құрбандығы болған өз еліміз үшін ғана емес, сонымен қатар, ядролық клубқа кіретін алпауыт елдердің сынақ алаңдары мен атом бомбасынан тікелей зардап шеккен өзге халықтар үшін де, атомсыз бейбіт әлемде өмір сүруді көксейтін өзге мемлекеттер үшін де мәні зор болды. Бұлай деуге толық негіз бар.
Біріншіден, аталмыш конференция Семей ядролық сынақ алаңының жабылғанына ширек ғасыр толған мерейлі сәтіне бағышталса, екіншіден, бұл шара өз жеріндегі алапат ядролық арсеналдан өз бетімен бас тартқан, сондай-ақ, әлемдегі антиядролық қозғалыстың көш басында келе жатқан және атом қаруынсыз-ақ қауіпсіздігін сақтап, тұрақты дамудың сара жолына түскен Қазақстан Республикасы егемендігінің 25 жылдығына бағышталды. Үшіншіден, бұл конференцияға әлемнің 52 елінен беделді тұлғалар бастап келген делегациялардың құрамында бейбіт атом қағидасын ұстанған 180-ге жуық адам қатысты. Олардың ішінде әйгілі саясаткерлермен қатар, абырой-атағы биік парламент депутаттары, өкіметтердің жауапты қызметкерлері, әртүрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері, қала мэрлері, қоғам қайраткерлері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де баршылық.
Конференцияның жалпы отырысы мен төрт панельдік сессияларында сөз алған тұлғалардың барлығы да Қазақстан Президентінің терең мазмұнды баяндамасы мен БҰҰ-ның ресми құжаттарының бірі болып тіркелген «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесіне және конференция қабылдаған «Астана көзқарасы: ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты үндеуге бірауыздан қолдау көрсетті.
Әділ АХМЕТОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10