Өткен сейсенбіде Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен Болгария Вице-президенті Маргарита Попова кездесіп, екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Г.Әбдіқалықова бірінші кезекте осы жылдың 29 тамызында Астанада өткен «Ядролық қарусыз әлем құру» атты ауқымды халықаралық конференцияға қатысқаны үшін Болгария билігінің өкіліне өзінің үлкен ризашылығын білдірді.
«Сіз конференцияда бірқатар маңызды ұсыныс жасадыңыз. Бұл ұсыныстарыңыз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемді ядролық қарудан азат ету бастамаларымен үйлесім табады», – деді Мемлекеттік хатшы.
Сонымен қатар, Г.Әбдіқалықова еліміздің негізгі бастамаларын Болгария тарапы ұдайы қолдап келе жатқанын атап өтті. Мемлекеттік хатшының айтуынша, Болгария тарапы Қазақстанның ДСҰ-ға, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне қабылдануына, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуді, сондай-ақ, Еуропалық одақ елдеріне қысқа мерзімді сапарлар үшін визасыз режімді енгізуді қолдаған.
Одан әрі Г.Әбдіқалықова Болгарияны Қара теңіз өңірі мен Балқан түбегіндегі Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі болып табылатынын айта келіп, 2015 жылы елдер арасындағы тауар айналымының көлемі 112,9 млн долларды құрағанын жеткізді. Сондай-ақ, ол «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті. «Алдағы 5 жылда бағдарламаның жүзеге асырылуына 24 млрд доллар бөлініп, көліктік жобалар, оның ішінде ұзындығы 7 мың шақырымнан асатын «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолы іске қосылатын болады. Біз Болгарияны осы жобаларға қатысуға шақырамыз», – деді Мемлекеттік хатшы.
Сонымен қатар, кездесу сәтінде Г.Әбдіқалықова алдағы уақытта өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық маманданды-
рылған көрмесі туралы айтып, болгариялық компанияларды бұл іс-шараның аясында технологиялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға атсалысуға шақырды. Бұдан бөлек, Мемлекеттік хатшы екіжақты қарым-қатынастардың маңызды бөлігі ретінде мәдени-гуманитарлық салаға назар аударды. Осы орайда ол Қазақстанда болгар мәдениетін дамыту мақсатында Болгар этномәдени бірлестігі жұмыс істейтінін жеткізе отырып, София университетінде қазақ тілі мен Қазақстанның тарихы және мәдениетін зерделеу кабинеті ашылғаны үшін Болгария жағына ыстық ықыласын танытты.
Кездесу соңында Г.Әбдіқалықова Болгария Вице-президенті М.Поповаға екі ел арасындағы үнқатысуды нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
Ал М.Попова тілшілерге арнайы сұхбат беру сәтінде Қазақстанда тәуелсіздік алған кезден бастап халықтың жағдайын жақсарту бағытында қыруар жұмыс атқарылғанын, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің қысқа уақыт аралығында мол табысқа жетіп, абыройы артқанын атап өтті.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10