03 Қыркүйек, 2016

Пиццаны дронмен тасиды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ПиццаАвстралиялық «Dominos» ком­­паниясы ұшқышсыз ұшатын құрылғыларды тұты­нушыларға пицца және бас­қа да азық-түлік­терді жеткізу үшін пайдаланбақ. Бұл туралы The Guardian хабарлады. Алғашқы тәжірибе алаңы ретінде Жаңа Зеландияда біраз тап­сырыстар орын­далған екен. Ма­мандар дрондардың жұмыс нәти­жесін өте жақсы деп бағалап отыр. – Дронның көмегімен тұрақ­ты түрде тапсырыс орындау 2016 жылдың соңына қарай жолға қойылады. Бірінші кезекте Австралия, Бельгия, Фран­ция, Голландия, Жапония және Германия елдерін қамту жоспарланған, – дейді компания өкілдері. Бұл жұмысқа ұшатын дрондармен қатар, жолмен жүйткитін дрондар да қолданылады. Ондай құрылғы тротуармен, велосипедке арналған жолмен сағатына 20 шақырым жылдамдықпен заулап отырып, 2 жарым килоға дейін жүкті жеткізе алады. Пицца аппараттың жүксалғыш бөлігінде ыстық күйінде сақталады. Тапсырыс беруші тиісті ақша­ны дронның кассасына салғаннан кейін ғана жүксалғыш ашылып, тұтыну­шының сұраған асын ұсынады. Нұрислам АСҚАР