19 Ақпан, 2011

ЖАҢА...

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...АВТОКӨЛІКТЕР АУДАН МҰРАҒАТТАРЫНА Мұрағат қорын сақтау және толықтыру ісі Қызылжар өңі­рін­де жақсы жолға қойылған. Ол жөнінде мұрағаттар мен құ­жаттамалар басқармасы, жергілікті бөлімшелер жетекшілері және қызметкерлерімен кездесуде облыс әкімі Серік Біләлов атап өтті. Басқарма бастығы Рүс­тем Бикенев ұлттық мұ­ра­ғат қорын толықтыру және сақ­тау жайына жан-жақты тоқ­талып, атқарған істерді саралап берді. Ол өз сөзінде облыс­тың 4446 мемлекеттік мұрағат қорында 1,3 миллионнан астам құжаттың  сақтаулы тұрғанын, былтыр 42 мыңға жуық құ­жат­тың мемлекеттік айналымға алын­ғанын жеткізді. Аудан­дардағы  мұрағат ғимаратта­рын жөндеуге «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 64,5 миллион теңге жұмсалған. Серік Сұлтанғазыұлы мұ­рағаттың бір топ қызметкеріне құрмет грамоталарын, алғыс хат­тар мен ақшалай сыйлықтар тапсырды. Бес ауданның мұ­ра­ғат­тарына жеңіл көліктер берілді. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы. * * * ...БАЛАБАҚШАҒА БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚ Сәні мен сәулеті және түрі мен мазмұны келісім тапқан 280 орындық мектепке дейінгі балалар мекемесіне «Нұрбала­пан» деген атау берілді. Сың­ғырлаған су жаңа еңселі ғи­ма­рат шалғайдағы Казталов ауда­нының орталығына айрықша ажар беріп тұр. Аталған нысан құрылысын Ержан Бақтияров басқаратын «Әлім» ЖШС құрылысшылары жүргізген. Алыс аудандағы ата-аналар мен бүлдіршіндердің қуаны­шы­на Батыс Қазақстан облы­сы­ның әкі­мі Бақтықожа Ізмұ­хамбетов ор­тақ­тасып, жаңа балабақшаға өз аты­нан бағалы сыйлық табыс етті. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы. * * * ...«ID»-ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ «Қазақтелеком»  АҚ облыс орталығы тұрғындарына осын­дай бір заманауи үлгідегі бай­ланыс түрін ұсынды. Жаңадан ашылған бұл орталықтың  ерек­шелігі, байланыстың  кез-келген түрі қолжетімді. Мұнда интерактивті телехабарлар кө­ру­ге мүмкіндік беретін  «iD-TV»,  «iD-phone» атты жаңа желі, ғаламторға сымсыз қосы­ла­тын  «Wi-Fi», ғаламторды  емін-еркін аралататын  «Mega­line» байланыс қызметі бар. Ма­мандар да қасыңыздан та­былады. Елімізде жетінші болып іске қосылған  «ғажайып» орта­лық­тың ашылуына «Қазақтеле­ком» АҚ басқарма төрағасы  Қуанышбек Есекеев пен облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев қа­тысты. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.
Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45