19 Ақпан, 2011

Облыстық Ассамблеяның сессиясы

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында облыс орталығында Батыс Қазақстан облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы болып өтті. Онда Ақжайық өңіріндегі ұлтаралық татулық пен бірлікті одан әрі нығайту жөнінде келелі әңгімелер өрістеді. Өйткені, бұл екеуі қазақстандық ортақ табыстар мен игіліктердің негізі болып қала бермек. Сессияда бұл бағытта осыған дейін атқарылған жұмыстар жан-жақты сарапқа салынды. Аталған шараға арнайы келіп қатысқан «Қазақстан ук­раин­дарының радасы» одағының президенті Юрий Тимошенко Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоқ­жановтың атынан Батыс Қазақстан мемлекеттік универ­си­тетінің ректоры Тұяқбай Рысбековке, Ғабдолла Тоқай атындағы орталық директоры Разақ Абузяровқа алғыс хат табыс етті. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.