06 Қыркүйек, 2016

Ресей мен Сауд Арабиясының келісімінен кейін мұнай қымбаттады

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
нефть Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөнінде келісім жасады. G20 саммитіндегі келісімнен кейін Brent маркалы мұнайдың бағасы 5%-ға жуық көтерілді. «Біздің бірлесе әрекет етуіміз рыноктағы бағаны тұрақтандыру ісінде шешуші маңызға ие болуы тиіс» дейді Ресей энергетика министрі Александр Новак. ОПЕК-тің 2-маусымда Венада өткен саммитінде ұйым мүшелері өндіріс көлемін азайтуға келісе алмаған-ды. Оған мұнай өндірісін шектегісі келмейтін Иранның позициясы себеп болған еді. Қараша айында Венада өтетін ОПЕК-тің саммитінде негізгі мәселе мұнай бағасы болмақ.