Ақмола, Қостанай облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, кейбір елді мекендерде найзағай жарқылдайды, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында жел тұрып, тұман түседі деп күтілуде. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінде күндіз жел соғуы ықтимал. Алматы облысында аптап ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Айдар ӨРІСБАЕВ