06 Қыркүйек, 2016

Жас мемлекет үшін үлкен құрмет

381 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
06-09-16-kitai Қазіргі әлемдегі ең белсенді де бе­делді саммиттің бірі – G20 («Үлкен жиыр­малық»). Одан да мық­тысы әрі қуаттысы – G7 («Үлкен жетілік»). Керек де­сеңіз, бұл топқа соңғы кездері Ре­сейдің өзі де кірмей қалған... Қытай қазір тек қана эко­номикалық қуатты мемлекет қана емес, ішкі жиынтық өнімдердің көрсеткішінен Жер планетасында бірінші, екінші орындарда келе жатқан даму қарқыны өте тез ел болып саналады. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана жоғарыдағы көрсеткіштері бойынша жылдық дамуы 9 па­йыз еді, кейін 7,5 пайыз, қазір 6,9 пайыздың үстінде тұр. Бір сарапшыларымыз осыған қарап Қытайдың экономикалық өсімі баяулап келеді дейді, олай емес, өйткені, базалық көрсеткіш көтеріліп, өсіп келеді. Соңғы біз меңзеген цифр – қазіргі таңда фантастикалық көрсеткіш болып саналатынын білесіз бе? Қытайда жұмыс қолы көп болып есептелгенмен де ең жоғары кә­сіби технологиясы дамыған мемлекет болып саналады. Қытай – дүние жүзі­не үлгі мемлекет. Ел­басымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда өткен G20 саммитіне Қытай Халық Рес­пуб­ликасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен барды. Бұл – біз үшін, біздің жас мемлекетіміз үшін өте үлкен абырой. Үлкен саммитте эконо­ми­калық дамуға қандай шарттар керек деген келелі әңгіме қозғалды. Әңгіменің тоқетерінде біздің Президентіміз «Алға даму үшін мемлекеттер бір-біріне бөгет жасамауы керек» деген көкейкесті ой тастады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Польшаға сапарын­да да батыл түрде атап айтқан. Президенттің меңзегені  бір мемлекеттің екінші бір мемле­кетке шекарадан тауар өткі­зерде қолдан жасалған кедергілердің жойылуы еді. На­рықтық принциптерді дамыту үшін мемлекеттер біріне бірі қолұшын беруі керектігін еске салды. Бұл мінберде қауіпсіздік мәселесі де қамтылды. Қазіргі Шығыс Қытай аймағының тез дамуы жағынан күллі әлемге үлгі екенін тағы бір қайталап қояйын. Қытай экономикасы әртараптандырудан өткен, мұнай мен газы болмаса да сатып алған сутегі қорымен-ақ экономикасын қалыпты түрде дамытып келеді. Түрікменнің газы Қазақстан арқылы Қытай асып отыр. Қазақстан арқылы жаһандық «Жібек жолы» жобасының бағдарламалары орындалуда. Қазақстан ешқандай да лаңкестік топтарды қолдамайды. Оның үстіне, өзін әлемге Ор­та­лық Азиядағы бірден-бір тірек мемлекет ретінде танытып үлгер­ді де. Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесіне екі жыл мүше болуы да біздің елімізге зор се­нім жүктейді. Осының өзі біз­дің мемлекетіміз үшін өте үлкен абырой. Әрине, бұған Қазақстанның соңғы 25 жылда, Тәуелсіздік алғалы бергі кезеңдегі тірнектеп жинаған беделін қосыңыз! Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһан­дық жиынға құрметпен шақы­рылып, сөз сөйлеуінің түпкі мәні де осында жатыр. Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы АЛМАТЫ