06 Қыркүйек, 2016

Елордада «25 ізгі іс» атты акция өткізіледі

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы халықты сауықтыру және аурулардың алдын алу бойынша «25 ізгі іс» атты акция ұйымдастырып отыр. Бұл іс-шара қаланың шалғай жатқан аудандары мен ірі кәсіпорындарда өткізілмек. Жалпы практика бойынша акушер-гинеколог, хирург, офтальмолог, УДЗ мамандарының, онкологтардың қабылдаулары ұйымдастырылады. Сонымен қатар қалалық емханаларда мүгедектер мен зейнеткерлерге арналған «Ашық есік» күні өтеді. Мұнда қарияларға аурудың алдын-алу шараларының кеңестері ұсынылады. 2016 жылдың 11 қыркүйегінде «Отбасымыз – біздің әлеміміз, біздің тыныштығымыз, біздің болашағымыз» атты отбасы күніне арналған іс-шара өткізіледі. Акцияның мақсаты – халықтың денсаулығын жақсарту, отбасын жоспарлау, өмірге дені сау ұрпақ әкелуге қатысты жауапкершілікті қалыптастыру. Айман МҰҚЫШЕВА