Елімізде медицина саласына басымдық беріліп, білікті кадрларды дайындау ісі жыл сайын қарқынды дамып келеді. Осы мақсатта «Медбикелік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы дайындалды. Бұл туралы Қазақстан ұлттық телеарнасы хабарлады.
Яғни, бұған дейін тәжірибесі бар білікті медбикелер осы колледжерде білім алып, дәрігердің дәрежесіне бір қадам жақындайды. Бұл ақ халатты абзал жандардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, медициналық көмек сапасының артуына мүмкіндік береді. Республикадағы 6 медициналық колледжге осы бағдарламаны енгізу арқылы «жоғары» деген мәртебе берілді. Соның бірі – Көкшетаудағы медициналық колледж. Мұнда осы мамандық бойынша 50 үміткер тапсырып, 25-і мемлекеттік грант жеңіп алды. Енді олар бір жарым жыл білім алып, бакалавр дәрежесіне ие болады.
Жалпы бұл үрдіс шетелде бұрыннан қалыптасқан екен. Елімізде бұл жобаны финляндиялық сарапшылар мен отандық мамандар бірлесе әзірлеген. Айта кетейік, елімізде 26 мемлекеттік, 37 жекеменшік колледж бар. Жыл сайын орта есеппен 12000 медицина қызметкері дайындалады.
Айман МҰҚЫШЕВА

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10