Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы тиімді ақпараттық саясат жүргізудің, елдегі медиа кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
– Жаңадан құрылған министрліктің маңызы зор. Бүгінде басты міндеттердің бірі – ақпарат кеңістігіндегі түрлі сын-қатерлерге тиімді қарсы тұра білу. Сонымен қатар, халық арасында экономикалық өсімді және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету бағытында мемлекет қабылдап отырған шаралар туралы түсіндіру жұмысын тиісті деңгейде жүргізу қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік БАҚ-тардың басшылық құрамын қалыптастыру ісіне мұқият болу қажеттігіне назар аударды.
– Жоғары талаптарға сай келетін, шетел тілдерін меңгерген және ақпарат кеңістігінің басты үрдістеріне сапалы талдау жасай алатын адамдарды таңдау керек. Жалпы, мемлекеттік ақпарат саясатының мәселелері менің басты назарымда. Министрліктің қызметіне тікелей өзім және Президент Әкімшілігінің Басшысы бақылау жасайды. Басқалардың араласуына жол берілмейді, – деді Мемлекет басшысы.
Ақпарат және коммуникациялар министрі БАҚ жұмысының тиімділігін арттыру, сондай-ақ «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету ісін ілгерілету жөнінде қабылданып отырған шаралар туралы баяндады.
Сондай-ақ, Д.Абаев Қазақстан Президентін телекоммуникация саласының қызмет ету сапасын арттырудағы министрліктің қызметі, соның ішінде «Сандық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу жұмысы туралы хабардар етті.

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10