07 Қыркүйек, 2016

Мүдделесін ғана шақырады

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
айдос сарымНегізі бұл G20 («жиыр­ма­лық») пішімінің ерек­ше­лігінің өзі – ұйым­­дас­тырушы мемлекет, яғни ұйымдастырушы ел өзіне кім жақын немесе кімнің мүд­десі маңызды деген бағытта ой өрбі­тіп, «жиырмалықтың» саммитіне сол мем­лекетті ғана шақырып, қоса алады. Бұл тұрғыдан келгенде, Қытайдың көрші Қазақстанды ескеріп, әлемдегі әйгілі саммитке Президент Нұрсұлтан Назарбаевты шақыруы біз үшін, біздің мемлекетіміз үшін үлкен мәртебе деп санауымыз керек. Екіншіден, бұл оқиға Қазақстанның әлеуетін арттыратын жақсы мүмкіндік және үндеу деп айтуға болады. Оңтайлы сәтте Қазақстан өзіне қажетті көкейкесті мәселелерін небәрі екі күннің ішінде ел алдына шығарып қоя білді. Екі күннің ішінде оңайшылықпен ұстата да, үндесе де, тілдесе де бермейтін әлемнің жетекші мемлекеттерінің басшыларымен сөйлесіп, пікірлесіп, өзінің ұстанымдарын айтып үлгерді. Міне, бұл – өте тамаша мүмкіндік. Қанша дегенмен, Қазақстанның шағын мемлекет екені анық. Бірақ, өз әлеуеті мен мүмкіндігі бары және айқын. Осы ретте Қытайға да алғысымыз шексіз. Шын мәнінде «жиырмалықтың» алаңына шығып сөйлеу, тіпті, өзекті мәселе қою – Қазақстанның субъектілігін, яғни оның мүмкіндігін үлкен саясаттың бір бөлшегі ретінде көрсете білу деген сөз. Біздіңше, бұл кездесулер мейлінше ұтымды болған да сияқты. Бұдан кейін G20-ның белгілі бір мемлекет басшылары Қазақстанға немесе біздің ел басшылары басқа елге сапарлап барып жатса, онда көптеген мәселелердің өзектілігі арттырылып отыр деп қабылдауға толық негіз бар. Айдос САРЫМ, саясаттанушы АЛМАТЫ