10 Қыркүйек, 2016

Ақыртастағы айшықты жұмыстар

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
034Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен, өткенімізді түгендеп, барымызды жаң­ғырту мақсатында қолға алынған ұлттық-стра­тегия­лық «Мәдени мұра» бағ­дарламасы аясында 2004-2006 жылдардан бері Жам­был облысы аумағында орналасқан, Орталық Азияда теңдесі жоқ Ақыртас сарай қалашығында археологиялық қазба-зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ұлттық бағдарламаның 2009-2011 жылдарғы екінші кезеңінде қазба, зерттеу, жаңғырту жұмыстары одан әрі жанданып, тарихи кешен басында «Ақпараттық-ғылыми орталық» ашылды. – Қалашықта жұмыстың негізгі бөлігінде ежелгі қалашық аумағын аралайтын ішкі арбат жиектері қайта жөнделіп, ретке келтірілуде. Тарихи мұраның негізгі бөлігінде тұрған тұғыр баға­налар жаңғыртылып, кешенге келіп кетуші қонақтарға арналған тұрмыстық арнайы нысандарға апаратын жиек жол құрылысы салынуда. Аталған жұмыстарды «Қаз­қайтажаңғырту» РМК Тараз филиалының маман­дары атқаруда, – дейді, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қо­рық-музейінің директоры Т.Мол­дақынов. Кешенде атқарылып жат­­қан қайта жаңғырту, абат­­­тандыру жұмыстарының барлығы дерлік келер жы­­­лы елімізде өте­тін ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көр­­месіне әзірлік жұ­мыс­тары аясында қолға алынған. Еске сала кетейік, Ақыртас сарай кешені көр­меге келуші қонақтарға арналған арнайы туристік бағыт тізбесіне енген. Алмас МҰХТАРОВ