Kazsport телеарнасы бүгін HD форматына көшті. Яғни оның реңі бұрынғыдан 5 есе тұнық әрі анық бола түсті. Бұл жөнінде бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбуктегі аккаунты арқылы хабарлады.
"Құрметті достар!
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Kazsport» телеарнасын HD форматына көшіруді сәтті аяқтады.
Осылайша, отандық телевизияның хабар таратуын жоғары сапаға көшіруге алғашқы қадам жасалып отыр.
Атап айту керек, жаңа форматты әзірше «ОТАУ ТВ» операторының 4 миллиондық аудиториясы пайдаланады.
Енді, еліміздің басты спорт телеарнасының көрінісі 5 есеге артады. Ал, «Kazsport» «ОТАУ ТВ»-ның тегін пакетіне қосылады.
Біз барлық тест жұмыстарын мақсатты түрде 10 қыркүйек қарсаңында аяқтап отырмыз.
Себебі, бүгін барша еліміз даңқты жерлесіміз Геннадий Головкиннің Келл Брукпен жекпе-жегін асыға күтуде.
Осы айтулы спорт кешін Сіздер енді мүлде жаңа сапада көресіздер.
Ел мерейін асырған жерлесімізге жеңіс тілеймін!" деп жазды Дәурен Абаев.
• 10 Қыркүйек, 2016
Бүгіннен бастап Казспорт 5 есе тұнық көрсетеді

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше