11 Қыркүйек, 2016

«Егемендіктер» Құрбан айт алдында емен-жарқын бас қосты

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-09-16-balqaragai-4 Бүгін, Құрбан айт мейрамы қарсаңында «Егемен Қазақстан» газеті ұжым болып табиғат аясына шықты. Демалу үшін қала сыртындағы көрікті орындардың бірі таңдалды. Ұжым қызметкерлері командаларға бөлініп, футболдан шағын турнир өткізді. Сонымен қатар, волейбол, шахмат, дойбы, асық ату сияқты спорттық ойындардан жарысты.  Өнерлі жастар ән мен жырдан шашу шашып, демалысты  мерекеге ұластырды. Осылайша, басылымның барша журналистері мен  газет өндірісіне жауапты қызметкерлері жексенбіні көңілді өткізіп, жақсы демалып қайтты. Төменде бүгінгі көңілді күннен шағын фоторепортаж. 11-09-16-balqaragai-2 11-09-16-balqaragai-3 11-09-16-balqaragai-1 11-09-16-balqaragai 11-09-16-balqaragai-7 11-09-16-balqaragai-6 11-09-16-balqaragai-5