12 Қыркүйек, 2016

«Тәуелсіздік: тұлға, тағылым, тағдыр»

414 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
banner-zhurnalisterge-300-100 «Егемен Қазақстан» республикалық газеті редакциясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік: тұлға, тағылым, тағдыр» байқауының ЕРЕЖЕСІ 1.1. Байқауды ұйымдастырушы «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ (бұдан әрі – Ұйымдастырушы). Орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, 010000, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі 5/13. 1.2.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған байқауға барлық үміткерлер қатыса алады. 1.3. Әр қатысушы мақалаларында ширек ғасыр ішінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен елімізде жүзеге асқан нақты жобалар жемісі, осы жылдар ішіндегі өзгерістердің аймаққа, ауылға, ұжымға, жеке тұлғаға тигізген әсерін ашып көрсетеді. Тәуелсіздік тұсында дүниеге келген өндірістік мәдени, рухани, әлеуметтік ірі жобалар жайлы сөз қозғалады, фотосуреттер беріледі. 1.4. Жұмыстар 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап, қарашаның 15-іне дейін қабылданады. 1.5. Байқауға ұсынылған материалдар бір бет параметрі 2 см-дан болып, 14 шрифтімен, 1,5 кегльмен жазылып, 350 жолдан аспауы тиіс. Сапалы суреттер қоса жіберілсе басымдық беріледі. 1.6. Мақала мен суреттерді [email protected]  электронды поштасына  «Байқауға» деген хат тақырыбының нұсқауымен жіберу керек.   Хатта автордың аты-жөні, туған жылы, кәсібі және байланыс нөмірлері көрсетілуі керек. Қатысушы мен Ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері: 2.1. Қатысушы байқауға ұсынылған материалдың авторы өзі екендігіне, ешкімнің авторлық құқығын бұзбайтындығына және жіберіліп отырған материал мен суреттердің бұған дейін басқа БАҚ беттерінде жарияланбағандығына кепілдік береді. 2.2. Ұйымдастырушы байқауға ұсынылған материалдарды төмендегі жағдайда жарияламауға құқылы: – мақала аталған тақырыпқа сай болмаған жағдайда; – автордың толық аты-жөн деректері нақты берілмей лақап атпен берілген  жағдайда; Байқау қорытындысы 3.1. Байқау жеңімпазын қазылар алқасы анықтайды. 3.2. Байқау жеңімпаздары төмендегі мөлшерде ақшалай жүлдеге ие болады: 1-ші орын иесіне  – 300 000 (үш жүз мың) теңге; 2-ші орын иесіне – 200 000 (екі жүз мың) теңге; 3-ші орын 2 адамға беріледі (әрқайсысына 100 000 теңгеден).