12 Қыркүйек, 2016

Дәрігерлер Хиллари Клинтонға «пневмония» деген диагноз қойды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
klinton   АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан кандидат Хиллари Клинтон өкпесі қабынып ауырып қалды. Мұны оның жеке дәрігері растап, саясаткерге антибиотиктер жазып бергенін хабарлады. Аурудың салдарынан Клинтон Калифорнияға жоспарлаған сапарынан бас тартуға мәжбүр болды. Жексенбі күні Нью-Йорктегі 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған терактінің 15 жылдығына арналған шара кезінде Хиллари Клинтон ауырып қалған-ды. Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрларда Клинтонның аяғында тік тұра алмай, көмекшілері сүйеп апарып микроавтобусқа мінгізгені көрінеді. Алғашында жеке дәрігері саясаткердің өзін нашар сезінуіне қатты шөлдеуі себеп болды деді. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауына қарағанда сол күні Нью-Йоркте ауа райы тым қапырық болған. Үйіне оралған Хиллари Клинтон өз-өзін тамаша сезініп отырғанын жеткізді. 2012 жылы Хиллари Клинтонға тромб алып тастау операциясы жасалып, дәрігерлері оның операциядан кейін толық жазылғанын айтқан-ды. Алайда, осыдан біраз уақыт бұрын Дональд Трамп сайлаудағы қарсыласы Клинтонның денсаулығы мықты екеніне күмән келтірген еді. BBC News-тің жорамалы бойынша, бұрын жұрт ол әңгімелерге онша мән бермесе, енді мына жағдайдан кейін Клинтонның денсаулығы деген мәселені жіті қадағалайтын болады.   Егемен-ақпарат