13 Қыркүйек, 2016

Эдди Хирн: Брук Головкиннен ұпай санымен алда тұрды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
khir

Британдық проумотер Эдди Хирн қазақстандық боксшы Келл Бруктың жекпе-жек тоқтатылғанға дейін Геннадий Головкиннен ұпай санымен алда тұрғанын айтты.

«Boxing News 24»-ке берген сұхбатында ол «Келл жақсы жұдырықтасты. Төрешілердің есебі бойынша ол алда тұрған, сосын көз ұясын жарақаттап алды жа, қарсыласы көзіне бірнешеу болып көріне бастады. WBC президенті Марисио Сулейман маған оның есепте алда тұрғанын айтты. Жекпе-жек жалғасқанын қалар едім, бірақ боксшыларды жарақатпен төбелестіруге болмайды. Келл Головкиннің де адам екенін, оны ұруға болатынын көрсетті. Ол қайта оралады, әлі үлкен жекпе-жектер өткізеді», деді.

Келли Брук пен Геннадий Головкин арасында 10 қыркүйек күні өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы 5-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

  Арнұр АСҚАР