13 Қыркүйек, 2016

Тараз алма өндірісін дамытып келеді (фото)

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-09-alma-1 Бүгінгі таңда Қазақстан алыс шетелден жылына 150 мың тонна алманы импорттайды. Алайда, отандық өндіріс елдегі сұраныстың 30 пайызын ғана өтейді. Өткен жылдардың тәжірибесі мен заманауи технологияларды пайдаланып, Қазақстанның бағбандығы жаңа даму деңгейіне көтеріліп, еліміздің ауыл шаруашылық саласындағы локомотивтердің біріне айналу мүмкіндігі бар. Тараз қаласында отандық бағбандықты дамыту мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық семинарға қатысушылар осындай пікір айтты. Қатысушылар Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры қаржыландырған «Шайқорық бауы» АӨК алма бағымен танысты. Жоба ағымдағы жылдың 3 маусымында іске қосылды. Баудың жалпы ауданы – 77 гектар, оның 50 гектарында Голден делишес, Айдаред, Гала тұқымды алма көшеттері егілді. Бау жылына 3 мың тоннаға дейін алма бере алады. – Бүгінде Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 6 жоба жүзеге асырылуда. Олардың жалпы алаңы – 350 гектар, жалпы қаржыландыру сомасы – 4 млрд 480 млн теңге, – дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров. Оралхан ДӘУІТ

13-09-alma-2

13-09-alma-2-5

13-09-alma-3

13-09-alma-4