Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егіс көлемі өткен жылдан 12,8 мың гектарға артып, 788,6 мың гектарды құрап отыр, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған kaztrk.kz
Осы жылы облыс диқандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді.
Мәселен, диқандар 214,4 мың га жерге масақты дәнді-дақылдар егіп, оның әр гектарынан 22 центнерден, барлығы 470 мың тонна өнім жинаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 123 мың тоннаға артық. Айта кетейік, биыл шаруалар жалпы дәнді-дақылдардан 660 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, облыста бүгінгі күнге дейін 866 мың тонна көкөніс, 991 мың тонна бақша өнімі, 181 мың тонна картоп жиналды. Аграрлы аймақтың тұрғындары биыл 125 мың тонна жеміс-жидек және 73 мың тонна жүзім жинауды көздеп отыр. Осы уақытқа дейін олар 47,6 мың тонна жеміс, 23,2 мың тонна жүзім жинаған. Өңірде жиын-терім жұмыстарымен қатар, мал азығын дайындау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.
Айдар ӨРІСБАЕВ
• 13 Қыркүйек, 2016
Оңтүстік Қазақстан диқандары былтырғыдан көбірек өнім алады

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше