14 Қыркүйек, 2016

Мыңдаған адамның өмірі сақталды

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
sanitarlyk-aviaciДенсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі министрліктің осы жылдың сегіз айында денсаулық сақтау мәселелері бойынша атқарған қызметі жайлы хабарлады. Атап айтқанда, Респуб­ли­калық санитарлық авиация бригадалары 1408 ұшырылым жасап, 1740 медициналық қызмет көрсеткен. Оның ішінде 1365 науқас тасымалданып, 289-ы­на кеңес берілген және 86 ота жасалған. Тасымалданған науқас­тар­­дың 70 пайызы облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 30 пайызы Астана және Алматы қалаларындағы республикалық орталықтарға жатқызылған. Аталған мерзім ішінде ше­тел­дік емханалар мен ме­ди­циналық ұйымдардағы елі­міздің азаматтарына Астана және Алматы қалаларында емдеу шараларын жалғастыру үшін Пусан (Оңтүстік Корея), Цвейбрюкен (Германия), Ан­талия (Түркия), Прага (Че­хия) Бішкек (Қырғызстан), Мәс­кеу (Ресей) қалаларынан 7 ұшы­рылым жасалған. Сонымен бірге, 2016 жыл­дың 8 айында санитарлық авиа­цияның мобильдік бригадалары әртүрлі жарақат алған 425 пациентке, оның ішінде жол-көлік апатынан зардап шеккен 180 адамға медициналық қызмет көрсеткен. Республикалық санитарлық авиация орталығының жұ­мыс істеу мерзімінде аса бі­лік­ті мамандар тарапынан жо­ғары мамандандырылған меди­циналық көмектің шұ­ғыл әрі уақтылы көрсетілуі нәтижесінде мыңдаған адамның өмірін сақтауға мүмкіндік болған. «Егемен-ақпарат»