Словения футбол қауымдастығының президенті Александр Чиферин Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) жаңа президенті болып сайланды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Шешім Афинада өткен УЕФА конгресінде қабылданды. А.Чиферинге ұйымға мүше елдердің 55 федерациясының 42-сі дауыс берген. Одан бөлек, президенттікке УЕФА вице-президенті, УЕФА атқару комитетінің мүшесі, Голландия футбол федерациясының президенті Майкл Ван Прааг та өз кандидатурасын ұсынған болатын, алайда, ол тек 13 дауыс жинаған.
Сонымен қатар, конгресте Мишель Платини УЕФА басшысы қызметінен кететінін ресми түрде жариялады. Ол ұйымды 2007 жылдан бері басқарып келген.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың қыркүйегінде М.Платини сегіз жылға футболдан шеттетілді, сондай-ақ оған жемқорлыққа қатысты айып тағылып, айыппұл салынды. Кейінірек Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) этика жөніндегі комитеті жазаны жеңілдетіп, футболдан шеттету мерзімін алты жылға дейін қысқартты.
Айдар ӨРІСБАЕВ

Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 21:56
Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 21:19
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45