14 Қыркүйек, 2016

«Қазақстан» телеарнасы көрермендерге кезекті маусымын ұсынады

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

14-09-16-ulttykarna

Бүгін Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» «Қазақстан» Ұлттық арнасының телевизиялық контентін жаңғырту» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова, «Әке» телехикаясының басты кейіпкері, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрының актері Азат Сейітметов және Қазақстандық режиссер, сценарист, клипмейкер, продюсер Асқар Ұзабаев қатысты. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында Корпорацияның 2016-2017 жылдарға арналған телевизиялық жаңа маусымының ашылу рәсімінің негізгі лейтмотиві – «Бұл – менің Қазақстаным!». Бұл туралы Ұлттық арнаның Басқарма төрайымы Нұржан Жалауқызы мәлімдеді. Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдарына «Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымының таныстырылымы көрсетілді. «Корпорацияның бағдарламалық міндеттерінің бірі мемлекетіміздің ақпараттық саясатты тиімді жүзеге асыруымен қатар, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу жолдарын және нәтижелерін кеңінен насихаттауға бағытталған», – деді Басқарма төрайымы. Жаңа маусымда «Қазақстан» телеарнасы көрермендеріне жаңа жобалар мен телехикаялар ұсынады, сондай-ақ, сүйікті бағдарламаларына айналған рейтингі жоғары жобалардың жаңа шығарылымдарын тамашалауға мүмкіндік алады. Оның ішінде «Айтуға оңай...», «Дара жол», «Әйел бақыты», «Түнгi студияда» сынды халықтың көңілінен шыққан рейтингі жоғары бағдарламалар жаңа форматта, жаңарған студияда өз көрермендеріне қызықты да актуалды тақырыптарды қозғайтын болады. Билік пен халық арасында өзара сенімділік ахуалын орнықтыру мақсатында «Серпіліс», «Қоғамдық кеңес», «Сұхбат», «Ой-толғау» тележобалары ұсынылады. Сондай-ақ, Ұлттық арна эфиріне 8 жаңа сериал шығады. Айта кетейік, 1-ші қыркүйекте «Қазақстан» телеарнасының мемлекеттік тілде хабар таратуына 5 жыл толды. Осы уақыт аралығында аудитория саны 2 есеге өскен. Егемен-ақпарат