15 Қыркүйек, 2016

Жаңа журналистика кафедрасы

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мем­лекеттік университеті рек­торының міндетін ат­қарушы Серік Өмірбаев сту­дент атанған «Алтын белгі» иегерлерімен кездесуде білім және ғылым саласындағы өзгерістерге кеңінен тоқ­талды. Осы сала бойынша түзіл­ген республикалық бағ­дарламада жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына, оқу пәндерінің мазмұнына ерекше басымдық берілген. Екінші семестрден бастап студенттер білім беру дең­гейін бағалау арқылы және мамандық бойынша пән­дер мен оқытушыларды өздері таңдау құқына ие болады. Сол сияқты Англия, Италия, Испания, Германия, тағы басқа елдермен тығыз әріптестік байланыс орнатылып, қос дипломды мамандық алу дәстүрі одан әрі жалғасатын болады. Студенттер ара­сын­да құқықтану, эконо­ми­ка, математика, радио­тех­ника, география, шет тілі мамандықтарына қызы­ғушылық басым. Биыл 1700-ден астам түлек студент пар­тасына отырса, 111 адам магистратураға, 6 адам докторантураға қабылданған. Бөлінген 366 мемлекеттік гранттың 233-ін оңтүстіктен білім қуып келген жастар иеленген. Жергілікті маңызы зор айтулы оқиғаның бірі – журналистер даярлайтын бөлімнің кафедраға ай­налуы. Өңірде қазақ жур­на­лис­терінің қанаттанып ұшуы­на өзіндік үлес қосқан университеттің профессоры, білікті ғалым Зарқын Тай­шыбайдың айтуынша, аймақ үшін мамандар әзір­лейтін қазақ және орыс журналистика бөлімдері фи­лология кафедраларының қарамағында болып келсе, енді дербестік сипатқа ие. 2001 жылдан бері оның қабырғасынан 80 түлек диплом алып, 10 адам журналистика магистрі атанған. Бірінші курсқа 23 талапкер қабылданған. Былтырдан бері сырттай оқыту бөлімі жұмыс істейді. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы