Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Green Penguin агенттігі Қазақстан туралы эдьютеймент пішімінде жарық көрген «Қазақстанға саяхат кітабы» атты туындыны таныстырды. Бұл кітапты авторлар «Менің елім» деп аталатын қазақстандық бірегейлікті нығайтуға үлес қосу ниетімен Қазақстанның «визиттік карточкасы» ретінде ойластырған.
«Қазақстанға саяхат кітабы» Ұлы Дала елін елестетеді және оның таңғажайып байлығын танып-білуге, жаңаша көзқараспен қарауға және сүйсінуге шабыттандырады. Саяхат кітабының пішімі ерекше – ол анықтамалық та, оқулық та емес және географиялық атлас та емес. Оны тарихи-географиялық және статистикалық фактілерге негізделген карта деуге болады. Қазақстанға саяхат кітабы барлық жастағы адамдарға арналған және ол қазақстандықтар мен қонақтарды қызықтыратыны күмәнсіз.
Бұл жолы авторлар кітаптың қазақ және орыс тілдеріндегі бірінші таралымын ұсынып отыр. Жақын арада оның ағылшын тіліндегі нұсқасын шығару жұмысы басталады. «Жобаның әлеуеті зор және патриоттық сезімді, сондай-ақ, еліміздің ерекшелігін және бірегейлігін, ішкі және сыртқы туризмді насихаттауға ықпал етеді. Универсиада, ЭКСПО сияқты ауқымды іс-шаралар өткізер алдында осындай жобаның сұранысқа ие болуы артады. Ол дами бастайды. Біз оның еліміздің лайықты «визиттік карточкасы» болатынына сенімдіміз» – деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Сағындық Нұраханов тұсаукесерде.
Сонымен қатар, ол жобаны бір жарым жыл бойы жас дизайнерлер, тарихшылар мен сарапшылар, блогерлер мен саяхатшылар, журналистер және Қазақстанды білетін және сүйетін қарапайым ынталы адамдар жасағанын да атап өтті.
«Қазақстанның тарихы мен табиғаты өте бай болғандықтан, оны бір кітапқа сыйғызу мүмкін емес. Сонда да біз тепе-теңдікті сақтай алдық деп ойлаймын. Кітапқа 48 діни ғимарат, 130 тарихи нысан, 65 танымал тұлға, 64 жануарлар әлемі және басқа да көптеген көрнекі орындар енгізілді», – деді Green Penguin агенттігінің директоры Ирина Тарасенко.
Аталған жобаның авторлары да осал емес. Біріншісі – Тұңғыш Президент – Елбасының Қоры болса, екіншісі – 2015 жылғы креативтік рейтинг бойынша Орталық Азияның ең үздік Green Penguim агенттігі болып отыр.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 21:56
Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 21:19
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45