Бұл күнде өнерге таласы барлар көп-ақ. Шын талант пен әнші болуға талаптанудың арасы жер мен көктей екені әмбеге аян. Алайда әнші болып туған адамды жөргегінен танып, дарындарды демеу қазіргі сахна тарландарына, тәжірибелі тұлғаларға да аманат. Осыдан біраз жыл бұрын КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова бір байқауды бастап, классикалық өнерге бейім бірқатар жастардың үлкен сахнаға жолдама алуына септігін тигізген еді.
Алматыны бір ажарландырып өтетін сол өнер байқауы биыл сегізінші рет өтпек. Қыркүйектің 19-27 аралығында өтетін Бибігүл Төлегенова вокалистерінің VIII Халықаралық байқауы бұл жолы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналмақ.
Байқауға әлемнің әр шалғайынан айтулы музыканттар қазылық етуге келеді. Іргеміздегі Қырғызстан, Өзбекстан, одан әрі Әзербайжан, Литва, Ресей, Германия, Чехия, Моңғолия, Болгария сынды мемлекеттерден опера саласына құлаш ұрған 65 әнші Алматыда бас қосады.
Жоғарыда атап өткендей, осынау ауқымды оқиға жас әншілердің биік талғамын, өнерге деген терең түсінігін қалыптастыруды мақсат етеді. Халықаралық байқау жас өнерпаздардың назарын классикалық және халық әндеріне аударып, оларды нағыз өнердің бұлағынан сусындауға шақырады. Ән сайысы жаңа таланттардың есімін анықтап, ұлттық классикалық өнерді ұлықтамақ.
Байқау бағдарламасы да бекзат өнердегі бұрын-соңды таңдаулы туындыларға құрылған. Оған қоса Қазақстан композиторлары шығармашылығынан да халық әндеріне ұқсас туындылар ұсынылады.
Іріктеу кезеңі және финалдық сайыс Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония залында, ал ашылу және жабылу салтанаты Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында өтпек.
Халықаралық деңгейдегі өнер майталмандары конкурс аясында кездесулер өткізіп, дарынды жастармен дидарласып, тәжірибе бөліседі. Қатысушылардың өнерін бағалап, олардың орындауларына қатысты жеке-жеке көзқарастарын білдіреді. Сондай-ақ жастарға бағалы ақыл-кеңестерін де айтады.
Халықаралық конкурстың Бас серіктесі – «SAMRUK KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Ал ұйымдастырушы – «Мирас» қоғамдық қоры. Сондай-ақ вокалистердің халықаралық байқауын өткізуге Алматы қаласы әкімдігі қолдау білдіріп отыр.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Әлем кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды
Бокс • Бүгін, 12:11
Ұландықтар Геннадий Головкинді ерекше форматта құттықтады
Қоғам • Бүгін, 11:58
Университеттерге құжат қабылдау қашан басталады?
Университет • Бүгін, 11:55
1-сыныпқа қабылдау: Ата-аналар тұрақты тіркеу талап етілетініне шағымданды
Қоғам • Бүгін, 11:44
Алматыда 400-ден аса заңсыз сауда нысаны сүрілді
Сауда • Бүгін, 11:40
Миллениал ата-ана, зумер бала: Қалай тіл табысамыз?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Өзбекстан футболшылары жанкүйерлердің ықыласына бөленді
Футбол • Бүгін, 11:24
Филиппинде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78 адамға жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Ел тұрғындары шілде айында қанша күн демалады?
Мереке • Бүгін, 11:01
Вьетнам шетелдіктер үшін елге кіру рәсімін жеңілдетті
Туризм • Бүгін, 10:52
Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған
Аймақтар • Бүгін, 10:51
Жамбыл облысында пара алған экс-полицейлерге сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:37
Иран Ормұз бұғазындағы алымдарды 60 күнге тоқтатты
Әлем • Бүгін, 10:30
Volkswagen компаниясы 50 мың жұмысшыны қысқартады
Әлем • Бүгін, 10:22
Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейс ашылды
Логистика • Бүгін, 10:11