Ертеңнен бастап Қазақстанда автокөлік тіркеудің жаңа тәртібі күшіне енетін болады деп хабарлайды Егемен-ақпарат. Ол «экстерриториалды» деп аталады. Жаңа принципке сәйкес еліміз азаматтары үшін автокөлік тіркеу ісі жеңілдеді.
Бұдан былай әрбір азамат қай жерде тіркеуде тұрғанына қарамай, көлікті сатып алған қалада тіркеуіне болады. Мысалы сіз Алматыда тіркелгенсіз, ал машинаны Шымкентте сатып алдыңыз. Енді сізге транзиттік нөмір алу қажет емес. Көлікті Шымкенттің өзінде тіркей аласыз. Ол үшін автокөліктер иелеріне арналған арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе әкімшілік полицияның облыстық тіркеу пункттеріне бару керек. Жаңа тәртіп әсіресе бір қалада тіркеуде тұрып, басқа қалада жұмыс істейтіндер үшін ыңғайлы. Өйткені, машина сатып алған соң оны тіркеу үшін ғана ары-бері жүру қажет емес.
Жаңа тәртіп 2016 жылдың 26 қыркүйегінен күшіне енеді. Ол Қазақстанда тіркелген жеке және заңдық тұлғалардың бәріне ортақ.
Автокөлік иелері үшін осыдан біраз бұрын жасалған жеңілдіктер туралы айта кетейік.
Бірінші. Әр азамат жүргізуші куәлігін өзінің қай жерде тіркеуде тұрғанына қарамай кез келген облыстағы автокөліктерге арналған «цон-нан» алуына болады.
Екінші. А, А1, В, В1 катергориялары үшін автомектепте оқу міндет емес. Яғни, азаматтар өздігінен дайындалып, емтиханды арнайы қызмет көрсету орталықтарында тапсыра алады.
Үшінші. Бұрын жоғалып немесе бүлінуіне байланысты техпаспорттың дубликатын алу керек болғанда автокөлікті тексерту керек болатын. Енді мұның қажеті жоқ.
Қосымша:
А категориясы – мотоцикл, мотороллер сияқты көлік құралдарын (16 жасқа толған азаматтарға);
А1 категориясы – қозғалтқыш көлемі 125 текше сантиметрден және қуаты 11 кВт-тан аспайтын (жеңіл мотоциклдер) аспайтын мотоциклдерді;
В категориясы – рұқсат етілген салмағы 3,5 тоннадан, отыратын орындары (жүргізуші орындығын санамағанда) 8-ден аспайтын; салмағы 750 келіден аспайтын тіркемелер тіркелген, салмағы 750 келіден жоғары, бірақ жүксіз салмағы автокөліктің салмағынан, ал жалпы салмағы 3 500 келіден аспайтын тіркемелер тіркелген «В» категориясындағы көліктерді (18 жасқа толған азаматтарға);
В1 категориясы – моторлы трициклдер мен квадроциклдерді жүргізуге берілетін құқық.
Егемен-ақпарат

Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше