01 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бұйрығы №106

372 рет
көрсетілді
21 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 25 мамыр , Астана қаласы «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алуды жүргізу және пайдалануды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын: 1. «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6986 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 23 маусымда №196 (26617) жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: Осы бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану ережесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңын, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын ақпараттық және статистикалық сүйемелдеу мақсатында әзірленді.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік шаралардың қолданылуын өзінің құзыреті шеңберінде қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері осы Ереженің 6 және 15-тармақтарында көрсетілген құжаттарды Комитетке өз уақытында ұсынады.»; 5-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңы 34-бабының 1-тармағының 5), 11) және 11-1) тармақшаларында; 2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 61-бабының 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 21)-тармақшаларында»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Мемлекеттік органның кадр қызметі (одан әрі – кадр қызметі) адамның жағымсыз себептермен босатылу, әскери бөлімнің (мекеменің) жеке құрамы тізімінен шығарылу дерегі бойынша адамның шығарылған сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық басқармаларда осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес, екі данада мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың № 1-ЖС нысанды карточкасы (бұдан әрі – карточка), адамды жағымсыз себептермен жұмыстан босату туралы бұйрықтың үзінді көшірмесін және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса отырып береді.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Карточканың 1-деректемесінде жағымсыз себептермен босатылған тұлғаның қызмет еткен органының атауы көрсетіледі. 2 және 2.1 деректемеде жағымсыз себептермен босатылған адамның ведомстволық иемденуі көрсетіледі. 3-деректемеде мемлекеттік қызметтен босатудың негізі көрсетіледі. 4-деректемеде органның жұмыстан босату туралы бұйрығының (шешімнің) нөмірі мен бұйрықтың шығарылған күні көрсетіледі. 6-11 деректемелерде босатылған тұлғаны анықтау мәліметтері көрсетіледі.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Карточка қызметкерді жұмыстан босатқан орган басшысының және кадр қызметі басшысының (оларды алмастыратын адамдардың) қолымен расталуға жатады. Басшы және жауапты тұлға 12, 13 деректемеде өзінің тегін, лауазымын және карточканы толтырған күнді көрсетуі тиіс. 14, 15 деректемелер осы Ережеге қоса берілетін 2-қосымшаға сәйкес, жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың бірыңғай журналының (бұдан әрі – журнал) мәліметтеріне сәйкес, тіркеу нөмірін, тіркелген күнді, тегін көрсетіп, карточкаға қолын қоятын аумақтық басқарма қызметкері толтырады.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Аумақтық басқармалар карточкаларды журналға тіркейді. Оны қойғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде аумақтық басқарманың қызметкері деректемелердің дұрыс толтырылуы мен түгелдігін тексереді және карточканы деректер банкіне енгізуді жүзеге асырады. Егер енгізу мерзімінің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келсе, карточка одан кейінгі бірінші жұмыс күні енгізіледі. Карточканың бір данасы тіркелген және енгізілген соң үш жұмыс күні ішінде Комитетке жолданады, ал екіншісі өңдеуге және аумақтық басқармада сақтауға жатады.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Адамдарды босату туралы шешім өзгертілсе немесе алып тасталса, уәкілетті мемлекеттік орган шешім өзгертілген немесе алып тасталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық басқармаға осы Ережеге қоса берілген 3-қосымшаға сәйкес, мөр басылған, осы дерек бойынша хабарламаны екі данада, сондай-ақ адамды босату туралы шешімнің өзгертілгенін немесе алып тасталғанын растайтын материалдарды екі данада жолдайды. Аумақтық басқарма хабарламаның бір данасын және адамды босату туралы шешімнің заңда белгіленген тәртіпте өзгертілгенін немесе алып тасталғанын растайтын материалдардың бір данасын Комитетке ұсынады, бұл Комитеттің орталықтандырылған есепке алу деректеріне түзету енгізуі үшін негіз болып табылады. Адамдарды жағымсыз себептермен босату туралы шешімді өзгертуді немесе күшін жоюды растайтын материалдар және өзге де құжаттар келіп түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде деректер банкін жүргізуге жауапты Комитет қызметкері деректер банкінде тиісті түзетуді жүзеге асырады. Егер енгізу мерзімінің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келсе, түзету одан кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.»; Мынадай мазмұндағы 15-1 тармақпен толықтырылсын: «15-1. Карточкаларды есепке алудың толықтығы мен ұсынудың уақытылы болуын қамтамасыз ету мақсатында, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейін тиісті аумақтық басқармамен бірге салыстыру жүргізеді.»; 19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «19. Тұлғалар туралы ақпаратты сұрату Комитет порталының «Жеке тұлғаға талап» ақпараттық сервисі арқылы жүзеге асырылады. Осы порталда құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерін тіркеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, мәліметтерді алу әрбір тексерілетін тұлғаға жеке рәсімделген талапты Комитетке және оның аумақтық басқармасына жолдау арқылы жүргізіледі.»; 25-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тексерілетін тұлға туралы мәліметтер бар болмаса, сұраудың артқы жағына «Мәліметтер жоқ» делінген мөр басылған таңба қойылады, сұрауды тексерген күн, мөртаңбаның нөмірі және сұрауды тексерген қызметкердің қолы қойылады. Тексерілуші тұлғаның мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығарылуы туралы мәліметтер орталықтандырылған есепке алуда бар болған жағдайда, олар сұраудың артқы жағында «ААЖ №.__» (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) мөрін қойып және тексерген күні мен тексерушінің қолын қойып бейнеленеді.». 2. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесінің 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауды; 3) осы бұйрықтың көшірмесін оны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 5) осы бұйрықтың мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, сонымен қатар Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ж. АСАНОВ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 25 мамырдағы №106 бұйрығына қосымша Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесінің 1-қосымшасы Нысан № 1- ЖС нысанның мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу карточкасы (органның кадр қызметімен қалыптастырады) 1.__________________________________________________________________________________________ (органның атауы) 2. Жасады: лауазымды адам, саяси мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызметкер. 2.1. Жасады: әкім, судья, сот органдарының қызметкері; құқық қорғау органдарының қызметкерлері: прокуратура, ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі; арнайы органдардың қызметкерлерімен: Ұлттық қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік күзет қызметі, «Сырбар» сыртқы барлау қызметі; органдардың әскери қызметші-қызметкерлерімен: қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, әскери прокуратура, мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық гвардия, әскери полиция; министрліктер қызметшілерімен: әділет, қаржы, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, сыртқы істер, мәдениет және спорт, ұлттық экономика, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, энергетика; мемлекеттік қызмет істері жөніндегі, ақпарат және коммуникация; әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметшілері, өзге де мемлекеттік құрылымдардың қызметшілері. 3. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатудың негіздері: «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi, қылмыстық істің ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі сатыда тоқтатылуы; 1-тармағының 11) тармақшасы кәсiби жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтiнi туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешiмi; 1-тармағының 11-1) тармақшасы судьяның тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы; 1-тармағының 8) тармақшасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттерді және (немесе) шектеулердi сақтамауы; 1-тармағының 9) тармақшасы өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншiк құқығымен тиесілі үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті сенiмгерлік басқаруға бермеуi; 1-тармағының 11) тармақшасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы; 1-тармағының 12) тармақшасы қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi; 1-тармағының 13) тармақшасы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бұрын қызметтен шығарылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау; 1-тармағының 14) тармақшасы қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы соған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау; 1-тармағының 15) тармақшасы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуы, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органының немесе соттың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатуы; 1-тармағының 16) тармақшасы мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылатын көрiнеу жалған құжаттарды немесе мәлiметтердi мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде ұсынуы; 1-тармағының 21) тармақшасы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасауы. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін; 1-тармағының 12-1) тармақшасы аумақтық құқық қорғау органының басшысы - қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудан жасыруға; бағынысындағы қызметкердің азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ бөлімінде көзделген, заңды күшіне енген сот актілерінде не қылмыстық қудалау органдарының Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы шешімдерінде белгіленген конституциялық құқықтарын өрескел бұзумен байланысты қылмыс жасауына; 1-тармағының 14) тармақшасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты; 1-тармағының 15) тармақшасы қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, қылмыс туралы қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуына байланысты; 1-тармағының 16) тармақшасы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бермегені немесе бұрмалағаны үшiн. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай теріс себептер бойынша: 1-қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау, оның ішінде шартты түрде айыптау үкімінің заңды күшіне енуі; 2-қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылуы; 3-Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атағынан айыру; 4-әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйге ұшырататын заттарды тұтыну; 5-денсаулық жағдайы бойынша және отбасы жағдайлары бойынша шығарылған жағдайларды қоспағанда, әскери оқу орнынан (әскери факультеттен) шығарылу; 6-әскери қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуы; 7-педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, кез келген ақылы қызмет түрлерімен айналысу; 8-әскери қызметшінің ауыр салдарларға әкеп соқтырған қауіпсіздік шараларын, оның ішінде өрт қауіпсіздігін не қызметтік көлікте жүру қауіпсіздігін бұзуы; 9-әскери қызметшінің қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелсіз себептермен қызметте болмауы; 10-ақшалай қаражатпен немесе әскери мүлікпен тікелей жұмыс істейтін әскери қызметшінің кінәратты әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер командир (бастық) тарапынан оған сенімді жоғалту үшін негіз болса; 11-мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды тасығыштарды жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптардың бұзылуы; 12-Қазақстан Республикасының еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасында айқындалған жағдайлар. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 14-тармағының 1) тармақшасы қызметкердің қызметте, оның ішінде ара-тұра болуы, алкогольден, есірткіден, психотроптан, уытқұмарлықтан (оларға ұқсас заттардан) масаң күйде болуы, сондай-ақ есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалануы, оның ішінде ара-тұра пайдалануы, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалануға, оның ішінде ара-тұра пайдалануға медициналық куәландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару; 14-тармағының 2) тармақшасы қызмет жағдайын жеке пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану; 14-тармағының 3) тармақшасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен, оның ішінде коммерциялық делдалдықпен айналысу; 14-тармағының 4) тармақшасы қызмет жағдайын пайдалана отырып, жұмыс орындау мен қызмет көрсету және сол үшін заңсыз сыйақы алу; 14-тармағының 5) тармақшасы қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде босатылуы; 14-тармағының 6) тармақшасы тәрбиелеу функцияларын орындайтын қызметкердің атқарып жүрген лауазымына жат әрекет жасауы; 14-тармағының 7) тармақшасы тікелей ақшалай қаражаттарға немесе мемлекеттік мүлікке қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі іс-әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер өкілетті басшы тарапынан оған сенімді жоғалтуға негіз берсе; 14-тармағының 8) тармақшасы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату; 14-тармағының 9) тармақшасы бір жұмыс күнінде қатарынан үш және одан да көп сағат дәлелді себептерсіз қызметке шықпау; 14-тармағының 10) тармақшасы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған жағдайларда жүргізіледі. 4. Бұйрық (шешім) № ________ «____» ____________ 20 __ ж. 5. Жазалау шарасы қолданылды: атқарып отырған лауазымынан босату (1) 6. Жағымсыз себептер бойынша босатылған тулғалар туралы мәліметтер. ТЕГІ АТЫ ӘКЕСІНІҢ АТЫ (болғанда) 7. Туған күні «____» __________________ 19 ____ ж. 8. Туған жері_____________________________________ 9. Тұрғылықты мекенжайы (тіркелген)______________________________________________________________ 9.1 Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_| 10. Жұмыс орны _____________________________________________________________________________ 11. Лауазымы _______________________________________________________________________________ 12. Қызметкер босатылған органның кадр қызметінің басшысы ____________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (тегі, қолы) 12.1 Карточканы толтырған кадр қызметінің жауапты тұлғасы ____________________________________ ______________________________________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болғанда), қолы) 13. Толтыру күні «____» _________________ 20____ ж. 14. Аймақтық басқармада тіркеу күні «_____» __________________ 20 ____ ж. Бірыңғай журнал бойынша материалдың (хаттаманың) № __________________________________________________ 15. Аймақтық басқарманың қызметкері_________________________________________________________ (лауазымы, тегі, қолы) Ескерту: карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол қойған тұлғалар көрінеу мәліметтер енгізгені үшін заңмен белгіленген тәртіпте жауапты болады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 1 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13860 болып енгізілді.