Соңғы жылдары Қостанай қаласының әр шалғайында жаңа тұрғын аудандар жылдам өсіп келеді. Қала сыртындағы бұрын негізінен өндіріс орындары орналасқан аумақ қазір әсем қалаға айналды. Онда тұтас тұрғын ауданмен бірге соңғы жылдары Назарбаев зияткерлік мектебі, тағы бір қазақ орта мектебі балаларға есігін айқара ашты. Toyota, Sang Yong секілді әлемдік брендтер құрастырылатын «АгромашХолдинг» және «СарыАрқаАвтоПром» ірі зауыттары орналасқан аумақта «Алтын арман» шағын тұрғын ауданы бой көтерді. Ондағы жаңа жобамен салынған әсем үйлер қостанайлықтардың арман мекені десе болады.
Таяуда ғана операторы «Бәйтерек» холдингі ипотекалық компаниясы болып табылатын «Нұрлы Жол» әлеуметтік арендалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша 94 отбасы баспаналы болды. Олардың қатарында бюджет қызметкерлері, көп балалы отбасылар, оралмандар, ұстаздар, медицина қызметкерлері секілді баспананы армандап, біраздан бері кезекте тұрғандар аз емес. Пәтер кілтін тапсыру кезінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Бәйтерек» холдингінің еншілес кәсіпорындары тұрын үй бағдарламасына белсенді қатысып, облыс әкімдігі құрылыстың ырғақты жүруіне кешенді шаралар жасап отырғанын айтты.
– Қазір «Бәйтерек девелопмент» және Қазақстан ипотекалық компаниясымен ынтымақтаса жұмыс істеу арқасында Қостанай қаласындағы тұрғын аудандарда 9 тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. «Юбилейный» жаңа тұрғын ауданының инфрақұрылымын жасау үшін 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлуді ойластырып отырмыз, – деді өңір басшысы.
Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін облыс орталығындағы 5 тұрғын ауданда құрылыс жұмыстарына басымдық берілді. «Аэропорт», «Солтүстік» тұрғын аудандарында құрылыс жұмыстары қарқын ала түссе, «Қонай» және қала іргесінде орналасқан Мичурин селосындағы «Юбилейный» тұрғын ауданында инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізіліп, онда 400 мың шаршы метр жеке үй салуға жер телімдері беріледі.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10