01 Қазан, 2016

"Казахстанская правда" газетінің басшысы ауысты

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасын таныстырды деп хабарлайды Егемен-Ақпарат. Жаңа төраға - Вячеслав Пащенко. Министр бұрынғы басшы Александр Тараковқа жемісті еңбек еткені үшін алғыс білдіріп, оның «Казахстанская правда» жүйесінде төраға орынбасары болып қалатынын мәлімдеді. «Сіздердің алдарыңызда үлкен міндет тұр. Сіздерді елдің экономикасы мен саясатына ықпал ететін аудиторияның оқығаны маңызды», - деп атап өтті Д.Абаев. Пащенко Вячеслав Валентинович 1978 жылы 15 шілдеде дүниеге келген. Алматы мемлекеттік университетін орыс филологиясы және Экономика және құқық академиясын қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі, «Бизнес-Партнер» экономикалық мультимедиялық порталының бас редакторы, «Интерфакс-Қазақстан» порталының бас редакторы болған.